"Қара алтын" өндірісін шектеу ел экономикасына қалай әсер етеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Сарапшылар Қазақстан әлемдік қаржы нарығында позициясын ұстап тұрғанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы әлемдегі "қара алтын"өндірісін қысқарту бойынша ұйғарымға келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мамандарының пікірінше, бұл шешімнің оңтайлы тұсы бар. Өйткені әлемдік нарықта мұнай бағасы өсіп, экспорт есебінен Қазақстан экономикасына оң әсер етеді. Теңгенің қаржы нарығында нығаюына септігін тигізбек.

– Мұнай өндіру көлемі қысқарған сайын, оның бағасы ұлғаяды. Ол Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізеді.Ал енді ОПЕК+ елдері мұнай өндіріс көлемін қысқартқан күннің өзінде, мұнай бағасы өспесе, мәселе туындауы мүмкін. Ел экономикасына кері әсер етеді деуге негіз бар, – деді экономист Мақсат Халық.

Сарапшылар Қазақстан әлемдік қаржы нарығында позициясын ұстап тұрғанын айтты. Олардың айтуынша, соңғы уақытта теңге өзге валюталарға қатысты нығаймаса, әлсіреген жоқ. Ал доллардың күшеюі тек Қазақстанда емес, әлемде болып жатқан көрініс.

– Теңге қатты әлсіреді деп айта алмаймын. Бұл – нарық. Доллар күннен-күнге күш алып келе жатыр. Ол тек Қазақстанға байланысты емес, дүниежүзінде болып жатқан соғыс, мұнай, алтынның бағасы көп нәрсе өзгеріп жатыр. Соған байланысты доллар нығайып жатыр, – деді ақша айырбастау пунктінің бас директоры Айнұр Рахимова.

Оқи отырыңыз: Президент Қостанай облысында қандай нысандарды аралады

Новости партнеров