Жеке кәсіп бастаймын деген азаматтар үшін «Атамекен» ҰКП қайтарымсыз грант береді

almaty.tv
almaty.tv
Жеке кәсіп бастаймын дегендер үшін мемлекеттен қашан да қолдау көп
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеке кәсіп бастаймын дегендер үшін мемлекеттен қашан да қолдау көп. Бұл тұрғыда «Атамекен» ҰКП көмек береді. Қазір қала бойынша 706 қайтарымсыз грант қарастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, жыл басынан бері 27 мың алматылықтың жұмыссыз екені анықталса, бүгінге дейін оның 13 500-і еңбекпен қамтылған. Еске сала кетейік, қалада наурыз-сәуір айларында елдегі кәсіпорындардың 80 пайызы тоқтаған болатын.  

«Алматы қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асуда. Оның бірінші бағыты бойынша кәсіптік оқыту. Бұл бағдарламамен мың жарымға жуық адамды оқыту жоспарланып отыр. «Кәсіп меңгеремін, білімімді жетілдіремін» дегендерге мемлекет қашан да қолдау көрсетуге дайын», – деді қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр ӘЛКЕБАЙҰЛЫ.

Новости партнеров