Алматы – іскер адамдардың тарихи қаласы: кәсіпкерлер қандай үлес қосып жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматы ең инвестициялық тартымды өңірлердің біріне айналып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 3 жарым мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 30 миллиард теңгеге жуық сомаға 500-ден астам жоба қаржыландырылған. Жаңа бағдарламалардың артықшылығы неде? Кәсіпкерлер қала экономикасына қандай үлес қосып отыр? Осы және өзге сауалдарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Әбілқайыр Аймұхамбет жауап береді.

– Кәсіпкерлер қала экономикасына қандай үлес қосып отыр?

– Кәсіпкерлік бастаманың арқасында қаламыз еліміздің экономикасының бестен бір бөлігін, бюджеттің төрттен бір кірісін және де сауда операцияларының 35 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отыр. Алматы – іскер адамдардың тарихи қаласы және бизнес пен капиталдың ортасы болып қалыптасты. Бүгін де шағын және орта бизнес қаладағы жұмыспен қамтудың екіден үш бөлігін қамтамасыз ете отырып, өңірлік экономиканың 50 пайызын қалыптастырып отыр. Қалада бизнес жүргіуздің және шағын және орта бизнес дамуының жағдайын жақсарту – басты мақсат.

– Оңтүстік астанаға инвесторлардың қызығушылығын арттыру үшін қандай жағдай жасалған?

– Бүгінде қаламызда барлық еңбек және инфраструктуралық ресурс жеткілікті. Осыған байланысты қаламыз ең инвестициялық тартымды өңірлердің біріне айналып отыр. Қолайлы инвестициялық ахуал жоғары кредиттік рейтингпен расталды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Fitch Ratings халықаралық агенттігі қаламыздың кредиттік қабілеттілік рейтингін BBB рейтингінде растады.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

Новости партнеров