Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор шығыстары 129 миллиард теңгеге қысқартылмақ

Орталық коммуникациялар қызметі
Орталық коммуникациялар қызметі
Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов дәл осылай деп жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірінші вице-министр Президенттің 24 қаңтарда аталған сектордағы шығыстарды қысқарту жұмыстарын жалғастыру жөніндегі тапсырмасын еске сала кетті. Бүгінге дейін шығыстар тыңғылықты талданып, оларды қысқарту бойынша ұсыныстар толығымен әзірленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  


«Мемлекеттік бюджет бойынша оңтайландыруға мынадай шығыстар ұсынылды: семинарлар, конференциялар өткізуге, автокөлік, жиһаз сатып алуға арналған шығыстар, іссапар, өкілдік шығыстар, талдамалы зерттеулер, өзге де өнімді емес шығыстар. Өз кезегінде Қаржы министрлігінің 2018-2019 жылдары бюджетті атқару, бюджет заңнамасының жаңа нормалары, сондай-ақ инвестициялық жобалардың толық және уақтылы игерілуін бағалау негізінде шығыстарды оңтайландыру бойынша қосымша ұсыныстары бар. Осыған сәйкес, әкімшілермен бірлесіп 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде ескеру үшін шығыстарды қосымша оңтайландыру мәселесі пысықталады», - деді ҚР Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, жалпы алғанда шығыстарды оңтайландыру бойынша сомасы 128,6 млрд теңгеге ұсыныстар берілген. Оның ішінде мемлекеттік органдардан 23 млрд теңге, өңірлерден 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд теңге үнемделетін болады.


Новости партнеров