«Almaty Invest» форумында 30-дан астам жобаға қол қойылды

«Almaty Invest» форумында 30-дан астам жобаға қол қойылды
Олардың жалпы құны 2 млрд АҚШ долларынан асып жығылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл осымен жетінші рет өткен «Almaty Invest» халықаралық инвестициялық форумы Алматы үшін тиімді келісімшарттармен есте қалды. Мәселен, үнділік инвесторларды қаланың ІТ саласы көбірек қызықтырып отыр екен. Шаһардың барлық мүмкіндіктерін қараған олар осы салаға барынша қаражат салуды көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Біз негізінен технологиялық салаларға көп инвестиция саламыз. Әлем бойынша бірнеше инвестициялық жобамыз бар. Осы Алматыға және Қазақстанға ІТ саласын дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде цифрлық технология және қоршаған ортаны қорғауға арналған жобалар да бар», - деді Tie Global қауымдастығының президенті Махавир Пратап ШАРМА.

Биылғы форумда инвесторлармен түрлі саланы қамтитын 30-дан астам жобаға қол қойылды. Олардың жалпы құны 2 млрд АҚШ долларынан асып жығылады. Атап айтқанда, түрік компаниясы қаланың айнасы саналатын әуежайға терминал орнату үшін 150 миллион евро құяды. Сондай-ақ, алдағы 5 жылда жарты миллиард евро көлемінде қаражат салуды жоспарлап отыр. Халықаралық форумға келгендер бірауыздан Алматы инвестиция құюға тұрарлық қала деген пікір білдірді.

«Форумға біз компанияның француздық серіктестерімен бірге келіп отырмыз. Менің ойымша, әрбір мемлекет үшін әуежай өте маңызды. Себебі, бұл – қаланың бет-бейнесі, келбеті. Жаңа терминал құрылысы үшін инвестция салуға дайынбыз. Басты мақсатымыз – Алматы әуежайын әлемдік деңгейдегі  ұшақ тұрақтайтын үздік мекенге айналдыру», – деді Tav Airports Holding бас директоры Сани ШАНЕР (ТҮРКИЯ).

Новости партнеров