|
29.06.2020 | 21:58
2097

Коронадағдарыс: Экономист сарапшылар қандай кеңес береді

Жаһандық экономика ахуалы қалай болмақ?

Коронадағдарыс: Экономист сарапшылар қандай кеңес береді ФОТО: Shutterstock

Коронавирус әлемді әбігерге салуда. Талай алпауыт мемлекеттер экономикалық дағдарысқа ұшырамаудың жолын іздеп жатыр. Алайда індет аталған салаға кесірін тигізбей қоймады. Салдарынан «коронадағдарыс» деген термин пайда болды. Ол нені білдіреді? Жаһандық экономика ахуалы қалай болмақ? Қазақстанға қалай әсер етеді? Экономист сарапшылар нендей кеңес береді? GSB UIB директорының орынбасары, экономист Мақсат Халық Almaty.tv тікелей эфирінде.

GSB UIB директорының орынбасары, экономист Мақсат Халық:

– Қалыптасқан жағдайға байланысты пікір білдіретін болсам, қазіргі таңда әлем экономикасы үлкен дағдарысқа ұшырап жатқан жайы бар. Ең бірінші болып халықаралық валюта қоры болжам жасады. Сәуірдегі болжамда әлем экономиксы 3 пайызға дейін құлдырайды десе, қазір 4,9 пайызға дейін құлдырайды деп айтып отыр. Бұның өзі белгілі бір дәрежеде әлемдегі жағдайдың күрделеніп бара жатқанын көрсетеді. Және де осы коронакризистің үлкен бір шарықтау шыңына жетіп жатқанын көрсетеді. Екінші толқыны басталып жатыр деп айтып жатыр. 

Күзде күткен едік. Қазір болып жатқан жағдайы бар. Сондықтан бұның салдары жалпы әлем экономикасына емес, Қазақстанға да кері әсер ететіні анық. Осы мәліметтен кейін бірден мұнайдың бағасы түрлене бастады. Алдағы уақытта белгілі бір жәрежеде біздің теңгеміздің де тұрақсыз болады деген сөз. Осы жағдайды ескере отырып, халық не істеу керек деген сауалға келетін болсақ, бірінші кезекте қатты дүрбелеңге салудың қажеті жоқ. Бұл жерде салмақтылықпен шешім қабылдаған дұрыс. 

Қандайда бір сезімге беріліп кетпеңіз, дұрыс шешім қабылдай алмайсыз. Егер төтенше жағдай режимі болып қалатын жағдай болса, сіз отбасыңызға жинақ жинап үлгеруіңіз керек. Ол үшін қазір жұмыс жасау керек. Болмаса керек емес мүліктеріңіз болса, жер, үй бола ма, артық көлігіңіз бола ма, оның бәрін сатып жібергеніңіз дұрыс. 

Өйткені қолда бар қаражат әрқашан қажет болады және екінші мәселе осы жинақтаған қаражатыңызды бәрін теңгемен бір банкке сақтап қойған дұрыс емес.  Ешқашан бір жерде ұстауға болмайды. Оны түрлендіріп ұстау керек. Шетелдік, еурода, тіпті юаньда. Осылай түрлендіріп ұстасаңыз, қаражатыңыз белгілі бір дәрежеде сақталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир