Осылайша былтыр 20 кәсіпкер өзінің несиелерін кері қайтарып берген. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Белгілі болғаны, кей пысықай кәсіпкерлер несиені мектеп пен балабақша саламыз деп алған. Бірақ іске келгенде жобаларын мейрамхана мен дәмханаларға ауыстырыпты.
«2019 жылы қаражатты 20 несие алушы мақсатқа сай пайдаланбаған. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің сәйкес келмеуі 15-інде анықталды. Нәтижесінде 2,2 млрд теңге қарыз берушілерге қайтарылды», - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Фархат СӘРСЕКЕЕВ.