Алматы қалалық Қоғамдық кеңес пен «Атамекен» ҰКП Алматы қалалық өңірлік кеңесі меморандумға қол қойды

Almaty.tv
Almaty.tv
Енді қос тарап біріге жұмыс істейтін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Алматы қалалық Қоғамдық кеңес пен «Атамекен» ҰКП Алматы қалалық өңірлік кеңесі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді қос тарап біріге жұмыс істейтін болады. Төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Барлық кәсіпкерлер назардан тыс қалмайды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде осылай деген еді. Бизнесті қолдауға бөлінген қыруар қаржының мақсатты жұмсалуын бірнеше мемлекеттік емес ұйымға да тапсырды.

«Біз Алматы кәсіпкерлер палатасымен келістік. Көмек осылар арқылы кетеді. Сіздер осыған байланысты қандай жұмыс істеп жатырсыздар? Жете ме, жетпей ме? Кім, қандай көмек алып жатыр? Президент тек Атамекенге ғана бөліп отырған жоқ,  ол бәріне бөліп отыр», – деді қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Рахман АЛШАНОВ

«Қазір әлемді жайлаған пандемияға байланысты бизнес тұралап қалды. Қиын жағдайдан шығу үшін ел Президенті кәсіпкерлерге біраз жеңілдік жасалғанын айтқан еді. Сондықтан біз қалалық қоғамдық кеңеспен мемарандумға қол қойдық. Осы келісім аясында біріге жұмыс істейтін боламыз. Яғни, көмекке мұқтаж кәсіпкерлердің тізімін жасап, кеңеске ұсынып отырамыз. Содан кейін, мемлекеттен қарастырылған жеңілдіктер мен көмек берілетін болады», – деді «Атамекен» ҰКП Алматы қалалық өңірлік кеңесінің төрағасы Максим БАРЫШЕВ

Новости партнеров