Індетпен күресуде еріктілердің де еңбегі мол. Төтенше жағдай жарияланғалы қайырымды істің басында жүрген еріктілер Нұр-Сұлтандағы 3 мыңнан астам адамға бетперде таратып, азық-түлік жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар әсіресе қоғамның әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жәрдемдесуде. Елорда мен Алматы қалаларының өзінде олар мыңға жуық акция өткізіп, 30 мың адамға көмек көрсетіпті. 8 мыңдай отбасына азық-түлік апарған.
«Бұл көмек онкологиялық аурумен ауыратын азаматтарға беріледі. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі қозғалыссыз жатқан азаматтарға таратылады. Одан бөлек, аяғы ауыр азаматтарға да жергілікті емханалар тарапынан бірге жұмыстар жүргізілап жатыр. Масканы беру тәртібі бар, азаматтар арасында байланыс болмайды, бір-бірімен байланысқа түспейді. Еріктілердің барлығы маскамен қамтамасыз етілген», – деді қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет КӘРІБЕК.
«Әр ата-ана өз баласы үшін қорқады ғой. Байқап жүр деп ескертеді. Бірақ бір жағынан олар да түсінеді. Салыстырмалы түрде еріктілер керек деп іздеп, айтып жатамыз. Көбісі қорқады», – деді ерікті Әл-Фараби АЙМАҚ.