|
15.01.2021 | 22:51
2299

1 қаңтардан бастап қарақұмық бағасы қымбаттады

Елімізде ауыл шаруашылығы шикізаты қорының азаюына байланысты ма?

1 қаңтардан бастап қарақұмық бағасы қымбаттады Фото: womenstalk.ru

Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы «Магнум» сауда орталығында қазір қанттың бағасы тұрақты екенін айтты. 9 қаңтарда сауда дүкенінде қант құнының бірнеше сағатқа қымбаттағандықтан, қала тұрғындары шағымданыпты. Мамандар жағдайды бірден қолға алып, келеңсіздік жойылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәлімдеуінше, бұл сауда дүкені қантты ең арзан бағамен сатып отырған шаһардағы жалғыз нысан екен. Себебі азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша қазіргі қанттың құны 254 теңгеге көтеріліпті. Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап қарақұмық бағасы да 360 теңгеге өскен.

«Бұл сауда дүкені 6 айдың ішінде қант бағасын 249 теңгеден асыра алмайды және ондағы 12 азық-түлікке шектік баға қойылғаны туралы келісім-шарт бар. Сондай-ақ, қалада қарақұмық мен қант құны да өсті. Бұл 2020 жылы Ресейде қант бағасының өсуі мен елімізде ауыл шаруашылығы шикізаты қорының азаюына байланысты», – деді қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаппарова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир