Алматы экономикасының қарқынды өсімі алдағы уақытта қалай сақталады

Мегаполистің жалпы ішкі өнімі 6,4 пайызға жетті

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы экономикасы тұрақты түрде өсіп келеді. Мәселен, биыл қаланың жалпы ішкі өнімі 6,4 пайызға жетіп, бюджет кірістері рекордтық 2,3 триллион теңгеден асуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай көрсеткіштерге инвестициялар көлемінің ұлғаюы, салық түсімдерінің артуы және сауда мен байланыс қызметтері себеп. Ал бұл салалардың осылайша серпін алуына не әсер етті? Алдағы жылдары осындай өсімді сақтап қалу мүмкіндігі бар ма? Бұл сұрақтарға экономист Мақсат Халық Аlmaty.TV эфирінде жауап берді.

- Мақсат мырза, мұндай қарқынды өсімге не себеп болды? Жалпы, Алматының Қазақстан экономикасындағы рөлі мен инвестициялық тартымдылығын қалай бағалауға болады?

- Шындығында, Алматы қаласының Қазақстан экономикасында орны мен рөлі өте жоғары. Жыл сайын Алматы өте жақсы экономикалық өсімді көрсетіп отырады. Жалпы, биылдың өзінде 6,4 пайыз көлемінде өсім байқалып отыр. Әсіресе инвестициялық тартымдылығы экономикаға көп үлес қосып отыр. Инвестиция тұрғысынан қала көш бастап келеді. Бұл экономикадағы мүмкіндіктердің артуына өзіндік бірегей себептігін тигізіп отыр.

- Иә, қаламызға инвестиция тартылғаны дұрыс, әрине. Дегенмен жаңа өнеркәсіп, автозауыттар, медициналық орталықтар қаланың келбетіне қалай әсер етеді? 

- Алматы тек бизнес шоғырланған қала ғана емес, сонымен қатар мәдени шаһар да. Осы тұрғыда соңғы уақытта қалада жаңа мұражай ашылды. Оның инвестициялық көлемі 56 млрд теңгені құрайды. Осы тұста «неге соншама қаражат құйылып жатыр» деген сұрақ туындауы мүмкін. Ал бұл мұражайда әлемнің өнер туындыларының жиынтығы орналасқан. Сондықтан бұл да бір экономикаға да үлкен серпін беретін сала. Егерде біз өнер, мәдениет тұрғысынан да осындай өзін-өзі ақтай алатын, коммерциялауға жақын өнер туындыларын дүниеге әкелетін болсақ, бұл белгілі бір дәрежеде өркениетті ұштастыруға, қаланың дамуына, азаматтардың дүниетанымын кеңейтіп, адами капиталдың дамуына да ықпалы арта түсер еді.

- Бұл нәтижелерге қарап, Алматы экономикасы тұрақты әрі бәсекеге қабілетті модель деп айта аламыз ба?  

- Әрине, туристік инфрақұрылымын дамыту жағынан тауда салынатын  инфрақұрылымдық жобалар арқылы туризмді дамыту, бизнесті дамыту тұрғысынан ару қала Алматының Қазақстан экономикасына қосар үлесі алдағы уақытта да зор болады.

Оқи отырыңыз: Енді азаматтардың жеке дерегін таратқандар қатаң жазаланады - Үкімет басшысы

Новости партнеров