Базалық мөлшерлеме өзгерген жоқ: инфляция 11,8%-ға жетті

Шешім қабылдау кезінде инфляциялық процестердің қарқыны ескерілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Базалық мөлшерлеме 16,5 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, шешім қабылдау кезінде инфляциялық процестердің динамикасы мен ішкі және сыртқы факторлар ескерілген. Маусым айында жылдық инфляция 11,8 пайызға жеткен. Оған ақылы қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуі тікелей әсер еткен.

«Сонымен қатар инфляцияның тұрақты бөлігі де біршама өсті. Соңғы айларда айлық инфляция баяулап келеді. Бірақ әлі де орташа тарихи көрсеткіштен асып отыр. Халықтың инфляциялық күтулері біршама төмендеді, дегенмен әлі де жоғары», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы биыл бес айда экономика 6 пайызға өскенін жеткізді. Былтыр 4,5 процент болған еді. Ең көп өсім көлік, құрылыс, сауда саласында екен. Одан бөлек, тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде де белсенділік артып келеді.

Тимур Сүлейменов экономикалық өсімді ынталандырып отырған негізгі фактор ішкі сұраныс екенін жеткізді. Алайда оның қарқыны өндіріс көлемінен асып түскен жағдайда инфляциялық қысым күшеюі мүмкін дейді.  

«Халық табысының бірқалыпты өсуі, сондай-ақ тұтынушылық және корпоративтік несиеленудің жоғары көлемі сұранысты қолдайды. Бөліп төлеу әдісін көп пайдалану, белсенді маркетингтік науқандар мен инфляциялық күтулер де маңызды рөл атқарады. Осының бәрі осы жылдың басындағы біршама төмендеуден кейін қайта өскен бөлшек сауда көрсеткіштеріне әсер етеді», - деді Тимур Сүлейменов.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында 18 жастағы қыз бала өзенге батып кетті

Новости партнеров