Егіс науқанына дайындық: фермерлер үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді

24.02.2026 10:47

Depositphotos.com

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің назарын көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының шекті жеңілдікті бағасын уақтылы бекіту қажеттігіне аударды, - деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін шекті баға нарықтық бағадан 15%-ға төмен бекітілгенін баяндады.

Ведомствоның мәліметінше, биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін егу науқанына берген электрондық өтінімдері негізінде 402 мың тонна мөлшерінде жеңілдікті дизель отынының көлемі дайыналды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда көктемгі егіске 402 мың тонна жеңілдетілген дизель бөлінді