Референдумға дейін:
18
күн
0
сағат
47
минут

Қазақстанда көктемгі егіске 402 мың тонна жеңілдетілген дизель бөлінді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Үкімет арнайы кесте бекітті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық аясында Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген дизель отынын жеткізу кестесі бекітілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2026 жылғы қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 1 ақпан мен 30 маусым аралығындағы кезеңге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарына 402 мың тонна дизель отынын беру кестесін бекітілгенін атап өтті. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін: жеке ПИН-кодтар алынды; дизель отынының түсін сары, көк және қызылға бояу; электрондық шот-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құру жөнінде шаралар қабылданды. Аталған шаралар мұнай жеткізушілер тарапынан дизель отынын АШТӨ операторларына мақсатты түрде нақты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынын жөнелту Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында", — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Читайте также: Қазақстанда отандық тұқымның жаңа сорттарының саны 3 есеге артты

Новости партнеров