Қазақстанның IT-қызметтер экспорты $1 млрд-тан асты

пресс-служба Правительства
пресс-служба Правительства
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық қызметтер экспортының өсуі аясында IT саласын дамытудың жоғары қарқынын сақтау қажеттігін атап өтті, - деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде жаппай цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу елімізді жан-жақты жаңғыртудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша біз IT-қызметТер экспортын $1 млрд-тан астам деңгейге жеткіздік. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, 2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі $22 трлн-нан асады. IT саласы ерекше қарқынмен дамып келеді, сондықтан жаһандық ауқымдағы цифрлық бәсекеге қабілетті болу үшін жұмыла жұмыс істеу керек»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өнеркәсіпте цифрлық шешімдерді іс жүзінде енгізуге және олардың өндіріс тиімділігіне әсеріне ерекше назар аударылды.

«Еліміздің кәсіпорындарында цифрлық технологияларды енгізу өнімнің сапасын, еңбек қауіпсіздігі мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді»,— деп атап өтті Премьер-министр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа суперкомпьютерді іске қосу жоспарлануда

Новости партнеров