Ипотеканы қашан алған дұрыс – Ұлттық банк төрағасының жауабы

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Тимур Сүлейменов қаржыгер ретінде жауап берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жоғары базалық мөлшерлеме кезеңінде ипотекалық несие алуға асықпаған жөн екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық банкте өткен брифингте журналистердің «2025 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлеме 16,5 пайыз деңгейінде болғанда, екінші деңгейлі банктердегі ипотека мөлшерлемесі 21-22 пайызға дейін жетті. Мұндай жағдайда азаматтарға тұрғын үй сатып алу бойынша қандай кеңес берер едіңіз? Қазір алу керек пе, әлде күткен дұрыс па?» деген сұрағына Ұлттық банк төрағасы қаржыгер ретінде жауап берді.

Оның айтуынша, жоғары базалық мөлшерлеме кезеңінде несие мен ипотека алуды уақытша кейінге қалдырған дұрыс.

Қаржыгер ретінде айтсам, жоғары базалық мөлшерлеме кезеңінде кішкене тұра тұру қажет. Яғни, кредит пен ипотека алмай, күту керек. Инфляция төмендеген сайын, базалық мөлшерлеме де азаяды. Соған сәйкес нарықтағы банктердің пайыздық мөлшерлемесі төмендейді. Кейін болашаққа сеніммен қарап, ипотека алуға болады. Қазір кішкене күту қажет, – дейді Тимур Сүлейменов.

Оқи отырыңыз: Бірнеше өңірде автонесие арқылы алаяқтық жасаған топ ұсталды - ІІМ

 
Новости партнеров