Қазақстанда инфляциялық үдерістер біртіндеп тұрақтануда — ҰЭМ

Үкімет
Үкімет

Үкімет алдында инфляцияны 10%-дан төмен деңгейге дейін түсіру міндеті тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында экономиканың ұзақмерзімді орнықты өсуін қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv

Ол биыл Үкімет алдында инфляцияны 10%-дан төмен деңгейге дейін түсіру міндеті тұрғанын атап өтті.

«Инфляциялық процестер біртіндеп тұрақталып келе жатқанын атап өткен жөн. Осы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша инфляция 10,3%-ға дейін баяулады. Бұл 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасы, инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені және басқа да қабылданып жатқан шаралар аясындағы Үкіметтің, Ұлттық банктің және ҚНРДА-ның келісілген іс-қимылдарының нәтижесі»,- деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Спикер елімізде салмақты бюджет саясаты жүзеге асырылып жатқанын, ақша-несие саясатын үйлестіру сақталатынын, бәсекелестікті дамыту, ішкі өндірісті ұлғайту, нарықты тауарлармен қанықтыру және бизнес шығындарын азайту жөнінде шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда кондитерлік өнімдерді таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды