Банктерге деген сенім нығайып келеді
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк жұмыс істеп тұр, оның 15-сі шетелдік қатысуы бар банктер, сондай-ақ 10 еншілес банк бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы мәлімет бойынша ҚР ЕДБ-дағы салымдар рекордтық 45,7 трлн теңгеге жетті, бұл өткен аймен салыстырғанда, 2,2%-ға көп. Өсім негізінен еліміздің ең ірі банктері есебінен қалыптасып отыр: банк секторының депозиттік қорының 90%-ы үздік 10 қаржы институтының үлесінде.
"Еліміздегі жетекші банктердің арасында салымдардың көлемі бойынша ең жоғары өсімді ForteBank көрсетті, салымдар 7,8%-ға ұлғайып, 3,4 трлн теңгеге жетті, бұл сектордағы орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары. Қаржы институты халыққа салымның барлық түрін ұсынады: икемді (қаражатты шешіп алуға және толықтыруға болады), мерзіміне қарай СЖТМ — 15,6%-ға дейін және жинақ (қаражатты шешіп алу мүмкіндігінсіз), СЖТМ — 18,4%-ға дейін. Ал заңды тұлғалар үшін мынадай өнімдер бар: Forte Comfort (қосымша толықтыру және ішінара шешіп алу мүмкіндігі бар), мерзіміне қарай СЖТМ — 17,23%-ға дейін; Forte Capital (қосымша толықтыру және ішінара шешіп алу мүмкіндігі жоқ), СЖТМ — 18,1%-ға дейін; сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы салым (қосымша толықтыру және ішінара шешіп алу мүмкіндігі бар), СЖТМ — 18,39%-ға дейін", - делінген зерттеуде.
Салымдардың жалпы көлемінің өсімі бойынша екінші орынға Bank RBK орналасты: салымдар 7,1%-ға артып, 1,6 трлн теңгеге жетті.
Үздік үштікті Alatau City Bank түйіндейді, салымдары 4%-ға артты. Үздік бестікке Halyk Bank (плюс 3,7%) және Freedom Bank (плюс 3,1%) енді.
Соңғы жылдары Қазақстан банктеріндегі салымдар тұрақты өсім көрсетіп келеді. Мәселен, 2025 жылдың қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлемі бір жылда 18,2%-ға артқан, ал соңғы бес жылда бұл көрсеткіш екі еседен астам өскен.
Банк депозиттерінің өсімін арттыратын негізгі факторларға тоқталайық:
Оқи отырыңыз: Блогер Шымкент әкімдігі қызметкерін бопсалап, 10 миллион теңге сұраған