Елімізде қазанда 21 мыңнан астам жаңа көлік сатылған

2025 жылы Қостанай мен Алматыда 2 автомобиль зауыты іске қосылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде қазанда21 мыңнан астам жаңа көлік сатылған. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18 пайызға көп, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Статистикаға көз жүгіртсек, биыл 3 тоқсан ішінде Қазақстанда шығарылған автомобильдердің көп үлесі Қостанайға тиесілі. Өндіріс көлемі 633,8 млрд теңгеге жеткен. Одан кейінгі орында Алматы қаласы тұр. Ал қалған өңірлерді қоса алғанда, өндіріс көлемі 208,3 млрд теңге. Көлік түрлеріне келер болсақ, 9 айда елде 83 мыңға жуық жеңіл автокөлік өндірілсе, жүк автомобилінің үлесі 6 мыңға жуықтаған. Ал 1500-ден астам шығарылған.

Биыл қазандағы сатылым көрсеткіші бойынша алда Chevrolet маркілі автокөлік келе жатыр, 6 мыңнан астам темір тұлпар сатылған. Одан кейін Hyundai 3 мың дана және Kia 2500 мыңға жуық авто саудалаған.

Естеріңізде болса, бірнеше апта бұрын елдегі автотехника өндірісінің қысқарғаны жөнінде айтылды. Сол кезде сарапшылар бұл қалыпты құбылыс, алда өндіріс пен сатылым көлемі артатынын мәлімдеген. Айтса айтқандай, міне бір айда сатылым көлемі едәуір өсіп отыр. Сала сарапшысының айтуынша, жыл бойы адамдар сатып алуға тұрарлық жаңа көліктерді күтті. Алайда нарықта өзгеріс болмады, ойлана келе,қазанда нарықта бар темір тұлпарларды ала бастады.

"Әдетте күз айында сатылым деңгейі өседі. Өйткені жазда бәрі еңбек демалысында болады, қыста көлік сатып алуға деген қызығушылығы болмайды. Оның үстіне, қыркүйектен бастап диллерлер жаңа ұсыныс жарнамалай бастайды. Өткен жылы Қазақстан автонарығында рекорд орнады. Ресми диллерлер 198 мың жаңа көлік сатты. Биыл ол рекордты жаңарта алмаймыз. Дегенмен нарық өсіп келе жатыр. Биылдың өзін алып қарасақ, ай сайын өсім бар", – деді автосарапшы Алексей Алексеев.

Сарапшының сөзінше, 2025 жылы Қостанай мен Алматыда 2 автомобиль зауыты іске қосылады. Бірінші кезеңде қуаттылығы 80-100 мың көлік болады деп жоспарланып отыр. Бұл жерде заңды сұрақ туындайды, жаңа темір тұлпарлар қалай және қайда сатылады? Автосарапшының айтуынша, зауыт иелері мен мемлекеттің қазірден бастап сату тетіктерін ойластыра бергені жөн. Ал жаңа көліктердің бағасына келер болсақ, ішкі нарықта олардың құны экспорттан кем дегенде 10 пайызға арзан болуы тиіс.

Оқи отырыңыз: Жалпыға ортақ декларация: қарапайым халық табысы туралы есеп бермейді

Новости партнеров