Жалпыға ортақ декларация: қарапайым халық табысы туралы есеп бермейді

Премьер-министр Олжас Бектенов айтылған ұсынысты қолдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарапайым халық міндетті декларациялаудан босатылады. Келесі жылы 8 миллион адам табысы туралы есеп бермейді. Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство басшысы, алғашқы үш кезең аясында жалпыға бірдей декларациялау жүйесінен 4 миллион 800 мың адамның өткенін еске салды. Оның ішінде мемлекет қызметкерлері, коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары бар. Төртінші кезеңде студенттер, үй шаруашылығындағы азаматтар, зейнеткерлер және басқа да азаматтар декларация тапсыруы керек еді. Қаржы министрі бұл шешімнен бас тартып отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов айтылған ұсынысты қолдап, Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер дайындап, Парламент қарауына енгізуді тапсырды.

"Жалпы алғанда жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар. Сондықтан мен 2025 жылы азаматтардың қалған санаттарына активтері туралы декларацияларды міндетті түрде тапсырудан босату туралы Қаржы министрінің ұсынысын қолдаймын", – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Атаулы әлеуметтік көмек: Қызылорда облысында 1,2 миллиард теңге қаржы үнемделген

Новости партнеров