ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70%-ға дейін арттыра алады

пресс-служба Правительства РК
пресс-служба Правительства РК
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет отырысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім беру жүйесін ауқымды цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрдің айтуынша, бұл міндетті іске асыру жоғары білім беру мазмұнын жүйелі түрде жаңартуды талап етеді. Осы мақсатта 2025 жылы министрлік Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігімен бірлесіп, жасанды интеллектке негізделген экономиканы қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлін бағалауға арналған зерттеудің бірінші кезеңін аяқтады.

Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект еңбек нарығындағы жұмыс орындарын жаппай ығыстыратын құрал емес, керісінше адам еңбегін күшейтіп, еңбек өнімділігін арттыратын негізгі тетік екенін көрсетті.

Қазақстандағы жұмыс күшінің шамамен 70 пайызы жасанды интеллектіні қолдану арқылы өнімділікті арттырудың орташа немесе жоғары әлеуетіне ие. Ал мамандықтардың 53 пайызында жекелеген еңбек функцияларын автоматтандыруға мүмкіндік бар.

Бұл көбіне жұмыс орындарының жойылуын емес, олардың мазмұны мен қойылатын талаптардың өзгеруін білдіреді. Осы тұжырымдар негізінде жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр, — деді Саясат Нұрбек.

Оқи отырыңыз: Мемлекет нақты мұқтаж жандарға ғана атаулы қолдау көрсетеді

Новости партнеров