Бұл азаматтардың деректерін қорғау деңгейін арттырады
Барлық ақпараттық жүйелер 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін жаңа деректерді өңдеу орталығына көшіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне ақпараттық жүйелерді жаңа деректерді өңдеу орталығына көшіру жұмыстарын аяқтауды тапсырды, бұл азаматтардың деректерін қорғау деңгейін арттырады.
Ақпараттық жүйелердің сенімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік Tier-III деңгейіндегі деректерді өңдеу орталығы жұмыс істейді.
"Жасанды интеллект министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, І тоқсанның соңына дейін ақпараттық жүйелерді жаңа деректерді өңдеу орталығына көшіруді аяқтауы қажет. Бұл біздің азаматтарымыздың деректерін қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Оқи отырыңыз: ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70%-ға дейін арттыра алады