Бектенов сирек металдардан инновациялық өнім шығаруды тапсырды

Depositphotos
Depositphotos

Сонымен қатар өндірістік қалдықтар мен металдарды қайта өңдеу қажет

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов сирек металдар негізінде технологиялық тұрғыдан инновациялық өнім өндіруді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Индустрия және құрылыс министрлігіне және «Самұрық-Қазына» қорына маңызды және сирек металдарды өндіру мен олар негізінде жоғары технологиялық өнім шығару жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Жобалар жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге бағытталуы тиіс. Бұл өз кезегінде салалық құзыреттілікті арттырып, технологиялық жағынан күрделі өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді», – деді Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-Министр сонымен қатар өндірістік қалдықтар мен металдарды қайта өңдеу арқылы тұйық циклді экономика қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Отандық өнім: Қазақстанда ойыншық өндірісі қалай дамып жатыр

Новости партнеров