Қазақстан ет экспортын ұлғайтпақ: Үкімет мал шаруашылығына жаңа талаптар қойды

пресс-служба Правительства РК
пресс-служба Правительства РК
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының егін шаруашылығындағы оң нәтижелерді атап өткеніне назар аударды. Сонымен қатар Президент мал шаруашылығы саласындағы жұмысты күшейтуді тапсырғанын айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне бір апта ішінде ет өндірісі мен экспорт көлемін арттыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеу, сондай-ақ мал шаруашылығын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу міндеті жүктелді. Бұдан бөлек, шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін кеңейту тапсырылды.

«Егіншілерді тікелей субсидиялау орнына жеңілдетілген несие беру тетігі өзінің тиімділігін көрсеткенін айта кету керек. Министрлік “Бәйтерек” холдингімен бірлесіп, осыған ұқсас ауыл шаруашылығын қолдау құралдарының аясын кеңейтуді жалғастыруға тиіс»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Мемлекет нақты мұқтаж жандарға ғана атаулы қолдау көрсетеді

Новости партнеров