Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен клиникаларды артық субсидиялауды тоқтатуды тапсырды

пресс-служба Правительства РК
пресс-служба Правительства РК
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік сала мемлекеттің басым бағыты болып қала беретінін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалады, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Премьер-министр Президенттің бағдарламалық сұхбатында әлеуметтік мәселелерге айрықша мән берілгенін еске салды.

«Сұхбаттың ауқымды бөлігі әлеуметтік мәселелерге арналған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады»,
— деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

«Артық қаржыландыруды тоқтату қажет. Адал бәсекелестік жағдайында жұмыс істей алмаса, бізге мұндай бизнестің қажеті бар ма? Бұл салада алаяқтықтың кең таралғаны бәріне мәлім.
Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде осы мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын»,
— деп атап өтті Премьер-министр.

Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде алаяқтыққа жол бермеуге бағытталған кешенді шараларды әзірлеу міндеті жүктелді.

Оқи отырыңыз: Мемлекет нақты мұқтаж жандарға ғана атаулы қолдау көрсетеді

Новости партнеров