Қандай тауарларға қосылған құн салығы салынбайды
Аlmaty.tv
Мәжіліс жаңа Салық кодексін мақұлдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға қосылған құн салығы салынбайды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарлады,
деп хабарлайды Аlmaty.tv
Сонымен жаңа Салық кодексінің жобасында депутаттардың ұсынысы бойынша мынадай салық ставкалары сақталды:
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап басып шығару, археология қосылған құн салығынан босатылады;
- әлеуметтік салада, денсаулық сақтауда қосылған құн салығынан босатылған дәрілік заттардың әлеуметтік тізбесін Үкімет анықтайды. Тек ақылы медициналық қызметтерге 10% қосылған құн салығы салынады;
- әлеуметтік саладағы корпоративті табыс салығы кезең-кезеңімен өседі – 2026 жылдан бастап 5%-ға және 2027 жылдан бастап 10%-ға;
- арнаулы салық режимінде рұқсат етуші емес, тыйым салынатын тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның барлығына рұқсат беріледі;
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін «минус 70%» жеңілдік ставкасы күшінде қалады;
- өңдеу өнеркәсібі үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 20% күйінде қалады;
- банк операциялары бойынша да қосылған құн салығы алынатын болады.
Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп, бағаның өсуіне жол бермеу үшін қолданыстағы тарифтердің негізділігіне талдау жүргізеді.
Оқи отырыңыз: Он жылдан астам уақыт пайдаланылған көліктерге салық қанша төмендейді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 09:08
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54