Елімізде шетелдік банктердің филиалы ашылуы мүмкін

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 3 шетелдік банктің филиалы ашылуы мүмкін. Олардың арасында Оңтүстік Корея, Қатар және Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржы ұйымдары бар. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Агенттік басшысы қазірдің өзінде қызығушылық танытып отырған мемлекеттер барын жеткізді.

"2020 жылы шетелдік банктердің Қазақстан нарығына кіруі үшін 20 миллиард доллар активі болуы керек деген талап қойған. Сол межені 10 миллиардқа түсіру көзделіп отыр. Егер меже 2 есеге төмендесе, шетелдік қаржы ұйымдары нарыққа енуі әбден мүмкін. Қызығушылық танытып отырғандар бар", – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина  Әбілқасымова.

Оқи отырыңыз: Баланың онлайн-сауда жасағаны дұрыс па

Новости партнеров