Автокөлік сатып алу бағдарламасы жалғасады, лизинг жүйесі қосылады
Отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру бағдарламаларын одан әрі жалғастырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енгізіледі. Бұл азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» холдингіне қысқа мерзімде шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша шаралары бойынша ұсыныстар беруді тапсырды.
Үкімет жүргізіп отырған реформалар еліміздің ұзақмерзімді тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге, экономикада базалық нарықтық қағидаттарды терең орнықтыруға бағытталғанын атап өтті.
Осыған байлансты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет ағымдағы экономикалық реформалар шеңберінде бірқатар шара дайындағанын атап өтті.
«Олардың бірі – Отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру жөніндегі бағдарламаларын одан әрі жалғастыру, бұдан бөлек халықаралық тәжірибеге сәйкес, жеке тұлғалар үшін жеңіл автокөлік сатып алуға лизинг тетігі енгізілуде.
Лизинг – автокөлікті меншікке сатып алу құқығы мен ұзақ мерзімді жалдау. Бұл шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға және азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған»,
— деді Ерсайын Нағаспаев.
Оқи отырыңыз: Үкімет коммуналдық тарифтерді көтеруді 2026 жылдың көктеміне дейін тоқтатты