|
02.01.2024 | 10:30
821

Жыл ұраны – асықпай, аңдап басу

Кәсіп ашу, қарыздан құтылу және баю: нумеролог ұлу жылына болжам жасады

Жыл ұраны – асықпай, аңдап басу elements.envato.com

Маманның болжамынша, 2024 жылы жоспармен жүретін, әр қадамын асықпай аңдап басатын адамдардың жолы болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Жыл ұраны – асықпай, аңдап басу

Маманның айтуынша, 2024 жылдың саны – 8. Ал бұл нумерологияда – мақсатқа, мансапқа жетуге көмектесетін цифр. Сондықтан ұлу жылын бизнес бастап, ақшалы болуға жол ашатын жыл деп атауға болады.

Жасыл ұлу жылының белгісі – ағаш

- Байқайсаңыз соңғы кездері уақыт жылдам өтіп жатыр. Бірақ 2024 жылы уақыт, керісінше, баяулайды. Өйткені ағаш өзі баяу өседі, ұлу да ақырын қозғалады. Жылдың ұраны – асықпай, аңдап басу. Кім асығады, сол қателеседі. Сол себепті әр қадамын ойластырып, жоспар құрып, "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген халық даналығын басшылыққа алатын адамдардың жолы болады. Тәуекелді жаны сүйетін, жоспарларын үнемі ауыстыра беретін жандарға қиын болуы мүмкін, - деп ескертті нумеролог.

Сондай-ақ Құралай Бақытқызы 2024 жылға көгалдандыру жылы деген атау берді. Алдағы жылы қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялап, баса мән беріп, көгалдандырып, гүлдендіретін жыл.

Бұдан бөлек бұл карма және гравитация саны. Карманың жағымды тұсы – осы күнге дейін тер төгіп, еңбектенген адамдар жұмысының жемісін көреді. Ал кемшін тұсы ата текпен байланысты болуы мүмкін. Кейде адам өміріндегі көп дүние цикл бойынша қайталанады, соған мән беру қажет.

Сонымен қатар 2024 жылы әлемде жасанды интеллектінің дамуы қарқын алады деп күтілуде.

Халықтың қаржылық сауаты артады

Құралай Бақытқызының айтуынша, 2024 жыл – қарызға өмір сүріп жүрген жандардың қаржылық сауаты ашылатын жыл.

- Сегіз саны материалдық дүниелерді білдіреді. Яғни адамдар рухани баюдан гөрі тұрмысын жақсартуға, кредиттерін жауып, депозит ашуға, кәсіп бастауға мән береді. Көбінің зейіні соған ауады. Мысалы, өткен жыл махаббат, отбасылық бақыт, шаңырақ көтеру жылы болса, 2024 жыл ақша, мансап, бизнес жылы. Қазақтардың материалдық жағдайы, қаржылық сауаты артады, несиесі азаяды деп болжап отырмын. Әр қазақстандық кәсіпкер болуға ұмтылатын жыл, - деп болжады нумеролог.

Алайда таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, ұлу жылының да "минус" жақтары бар.

- Бір жағынан халықтың қаржылық сауаттылығы артып, кәсіп ашатындар көбейеді десек, екінші жағынан салықшылар тарапынан жеке кәсіпкерлікке бақылау, қысым күшейгелі тұр. Тарихқа үңілсек бұрын да ұлу жылы осындай қыспақ болған екен. Мәселен 1928 жылғы кәмпеске. Енді келесі жылы кармалық сегіз саны болғандықтан, артықшылықтары – елде сауда-саттық өсіп, экономика дамиды. Үкімет те бұған жағдай жасап отыр, Қытаймен визасыз режим орнатты. Ал екінші жағынан әділеттілік болу үшін салық бақылауын қатаңдатады, сөйтіп, керісінше, халықтың мүмкіндігін шектейді. Сондықтан кейбір адамдар бизнес жүргізуден қорқып, қолды бір сілтеуі мүмкін. Бірақ ұлу жылы керісінше батыл қадамға барған жөн. Үкімет те соған мүмкіндік берсе құба-құп, - дейді Құралай Бақытқызы.

Шығыстың шарапаты

Қазақстандық нумерологтың айтуынша, "ұлу жылы кім Шығысқа жылжиды, сол адам ұтады".

- Яғни Қытай, Малайзия, көршілес шығыс елдерімен көбірек алыс-беріс жасассақ, еліміз дамиды. Бұл жыл шығыс елдеріне барып, сауда-саттық, экспорт-импорт жағын дамытуға қолайлы жыл. Өнеркәсіп, зауыт-фабрика, жаңа жұмыс орындары көптеп салынады деп ойлаймын, - деді маман.

Ұлу жылы кімдер үшін табысты

Дүниеге келген жылы "4-ке" аяқталатын, мысалы 1964, 1974, 1984, 1994, 2004 жылдары туған адамдар үшін ұлу жылы жайлы, жеңіл өтеді, көптеген мүмкіндікке жол ашылады, энергия артады.

Ал туған жылы "0" мен "1" аяқталатын (1990, 1991, 2000, 2001) адамдар үшін 2024 жыл – баю жылы. Кейбіреулері баспаналы болады, кәсіп ашады, қызметі өсіп, жалақысы көтерілуі мүмкін.

Сондай-ақ туған жылы "5", "6", "7" сандарына бітетін (мысалы 1985, 1986, 1987) азаматтар үшін келесі жыл өте ресурсты болады. Яғни олар білім алады, жан-жақты дамиды, денсаулығы жақсарады.

Жаңа жылды қандай түспен қарсы алған дұрыс

Құралай Бақытқызы қазақстандықтарға алдағы жаңа жылды жасыл түспен қарсы алуға кеңес берді. Мерекелік дастарханда "жасыл" өнімдер, салат, жеміс-жидек пен көкөніс мол болғаны абзал.

Оқи отырыңыз: Қызық факті: әлем елдері Жаңа жылды қалай тойлайды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир