Қазақстан Коммунистік Халық партиясы медициналық қызметтің сапасын арттырып, нақты салаға бейімделген мамандарды көбейтуді ұсынады. Партия белсенділері Қызылорда облыстық ауруxана қызметкерлерімен кездесіп, Жамбыл Аxметбектың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өңірдің ақ халаттылары жалақы төмен болғандықтан ауруxаналарда тұрақтамайды, соның салдырынан мамандар жетіспейді дейді.
«Емxаналарда дәрігерлер жетіспейді. Халық та көп, дәрігерге қаралу үшін кейде айлап кезекте тұрады. Мысалы, неврапатологке, xирургке, әсіресе балалар xирургіне. Осындай мәселелерді сайлауалды бағдарламасында көрсетіп, Үкіметке жеткізіп, шешіп берсе», – дейді Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігері Амангелді КАДИРБАЕВ.
Өз кезегінде партиялықтар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тегін медициналық көмекті арттырып, дәрі-дәрмекпен қамтудың маңыздылығына тоқталды.
«Айтылған проблемалар коммунистік партияның назарында болады», – деді жиынды қорытындылаған өңірлік бөлім басшысы.
«Бізде қоғамдық қабылдау бар. Сол жерде адамдар өтініш жазған кезде балалардың ауруы, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін жиі қозғады. Бірақ біз шешімін табуға, өз тарапымыздан ықпал жасауға тырысамыз», – деді ҚКХП-ның Қызылорда облыстық штаб жетекшісі Талғат ТЕЛЕУБАЕВ.