Күзге қарай доллар құны шарықтай түсуі мүмкін - сарапшы

Күзге қарай доллар құны шарықтай түсуі мүмкін - сарапшы
АҚШ-тың федералды резервтер жүйесі доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесін сақтап қалса,оның құны 400 теңгеге жетуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төл теңгеміз бүгінде барынша әлсіреді. Әлі де құнсыздана түсуі мүмкін. Мұндай болжамды экономист, тәуелсіз сарапшы Мақсат Халық мәлімдеді. Қазір қаладағы ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 385-386 теңге шамасында сатылып жатыр. Осы тұста біз экономист маманға сауал қойған едік.

– Мақсат мырза,  «Көк қағаздың» құны неге шарықтап барады? Алдағы уақытта теңге тағы әлсіреуі мүмкін бе?

– Бірінші кезекте теңге әлсіреуінің негізгі себебін атап өтейін. Біз еркін айналымға өткелі 2015 жылдан бері 4 жыл өтті. Содан бері біраз тәжірибе жинақтап үлгердік. Сол пайым бойынша, осы тамыз айында теңгеміз біраз әлсірейді. Және де ол шамамен қыркүйек айының ортасына дейін жалғасатын сыңайлы.  Сондықтан бұл үрдістің белгілі бір дәрежеде қор нарығында өзінің рөлі бар екенін айтуға болады. Бүгінде көптеген инвесторлар теңгенің әлсіреуі мүмкін деген күдіктен жаппай шетел валютасын сатып ала бастады. Бұл белгілі бір дәрежеде теңгеміздің әлсіреуіне септігін тигізіп тұр. Негізігі себеп – осы.

– Ал енді, тағы да жалпы алдағы уақытта қандай да бір девальвация болуы мүмкін бе?  

– Күні ертең сәрсенбі күні АҚШ-тың федералды резервтер жүйесі отырыс өткізеді. Доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесін төмендетуі мүмкін деген болжам бар. Енді доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесі төмендейтін болса, онда доллардың құны өзге де шетелдік валютаға қатысты біраз әлсірейді деген сөз. Олай болса, біздің теңгеміз қайта күшіне енеді. Бірақ егер АҚШ-тың федералды резервтер жүйесі доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесін осы күйінде сақтап қалса, бізде белгілі дәрежеде девальвация деп айтпасақ та, теңгеміз бұдан да біраз әлсіреуі әбден мүмкін. Яғни, 400 теңгеге жетуі ықтимал.  Бірақ онда да, біздегі ұлттық банктің өзіндік реттеуші саясаты бар. Егер интервенциямен араласып жатса, онда осы қалыптағы 385 сақталуы мүмкін.


Новости партнеров