|
05.08.2022 | 21:55
2095

Елімізде егін жинау науқаны басталды

Республикада 640 мың гектар дәнді дақыл жиналды

Елімізде егін жинау науқаны басталды inbusiness.kz

Елімізде жиын-терім науқаны бел ортасына жетті. Бүгінде республикада 640 мың гектар дәнді дақыл жиналса, 1 млн 152 мың тоннадан артық астық қамбаға бастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Соңғы деректер бойынша қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірінде егін жинау науқаны басталып та кетті. Солтүстік өңірлерде қыркүйек айында басталады.

«1 тамызға келіп  түскен ақпарат бойынша қазіргі уақытта 1млн 150 000 тн жуық астық бастырылды. Оның ішінде орташа өнімділік гектарына 18 цн құрап отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 1012 цн арасында болатын. Сонымен қатар майлы дақылдар жалпы түсімі 9 цн болды. Картоп тиісінше 210,1 ц/га өнімділікпен 4 млн 171  мың тонна, көкөніс 4 млн 380 мың тонна шамасында, 260 ц/га жинау жоспарланып отыр. Жалпы биылғы жоспарға сай астық көлемі 13 млн тонна жиналады деп күтіп отырмыз. Ішкі тұтыну 6,5 млн тн болатын болса, экспортқа сол шамада 6-7 млн тн сату жоспарда бар», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Дамир Егізбаев.

Дамир Егізбаевтың айтуынша, жем-шөптің тең жартысы жиналған.  

«Жалпы, жем-шөп көрсеткіші жаман емес. Егер де былтырмен салыстыратын болсақ, қуаңшылық әсерінен жемге, мал азығына байланысты біраз қиыншылықтар туындағаны белгілі. Қазіргі соңғы ақпарақа қарайтын болсақ алдағы қысты еңсеріп өту үшін жалпы жиналған жем-шөп тең жартысын жинады. Әлі де жалғастырады деген ойдамыз», – деді Дамир Егізбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

След. →
Прямой эфир