|
06.02.2019 | 20:49
1992

Алматыда қандай бизнес өкілдері салық рақымшылығына ілігеді – маман жауабы

Алматыда қандай бизнес өкілдері салық рақымшылығына ілігеді – маман жауабы

Алматыда 19 мыңға жуық шағын және орта бизнес өкіліне салық рақымшылығы жасалады. Бұл Мемлекеттік кірістер департаменті алдын ала жүргізген есеп. Кешірілетін өсімпұлдың жалпы көлемі 18 миллиард теңгені құраса, айыппұл 2,5 млрд теңге. Аталған қаражат тек негізгі қарыз – 32 млрд 400 мың теңге төленген жағдайда есептен шығарылады. Мұндай жеңілдік кәсіпкерлерге елімізде қанша рет жарияланды? Оған ілінген азаматтар не істеуі қажет? Осы сауалдардың жауабын табу үшін біз Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті Борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы Светлана ТҰЯҚБАЕВАНЫ сөзге тартқан едік.  

– Светлана Әбітайқызы, салық рақымшылығына кімдер ілініп отыр? Айыппұл мен өсімпұл кешірілуі үшін қандай талаптар бар?

– Рақымшылық негізінен, шағын және орта бизнес субъектілеріне жасалады. Алматы қаласы бойынша 2018 жылдың 1 қазанында салық қарызы 53 миллиард теңгеге жуықтаған 19 мыңдай субъект бары анықталды. Егер ол кәсіпкерлер сол негізгі 32 миллиард теңге қарызын төлейтін болса, онда олардың айыппұлы мен өсімпұлы шегеріледі.

– Салық рақымшылығы не үшін жасалып отыр? Бұған дейін елімізде амнистия жүргізіліп пе еді?  

– Негізі, бұл Қазақстанда төртінші рет жүргізіліп отырған амнистия. Оның кәсіпкерлерге пайдасы – олардың жұмысын әрмен қарай дамыту жүргізу есебінде болады.

– Рақымшылық ісі қалай жүргізіледі?

– Рақымшылық жүргізу ісі егер қарызы бар кәсіпкерлер аудандық басқармаға бармай-ақ, өздерінің есепшотынан қарап отыруына болады. Өйткені, комиссия құрылады. Әрбір аудандық басқармада мониторинг жасап отырады. Егер өзінің негізгі салық қарызын төлейтін болса, 3 жұмыс күні ішінде өсімпұл мен айыппұл шегеріледі.

– Жауабыңызға рахмет.  

Перизат Көмекбайқызы, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир