Алматыда 10 мыңнан астам нысан цифрлық картаға көшірілді

Алматыда 10 мыңнан астам нысан цифрлық картаға көшірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда табиғи апаттардың алдын алу мақсатында арнайы карта әзірленді. Оның көмегімен қандай ғимараттарды күшейтіп, оның құрылысына қандай материалды қолдану керектігі ескеріледі.

Тұрғын үйлердің жағдайын тұрғындар онлайн көрулеріне болады. Қазіргі таңда 10 мыңнан астам нысан цифрлық форматқа көшірілген. Арнайы картада нысандардың қайда тұрғанын және оған жақын инженерлік желілердің барлығы көрсетіледі.

«Болашақта бәрін көрсететін болады. Апатты үйлерді не істеу керек? Қай жерден қауіп келуі мүмкін? Қандай қауіпке қарсы жұмыс жасауымыз керек? Ол ақпараттың бәрі осы картаның ішіне енгізілген. Бүкіл ғимараттың құжаттарын жасағанбыз. Оған жеке тұрғын үйлер ғана кірген жоқ. Ол бөлек жұмыс. Біртіндеп жеке тұрғын үйлердің де ақпаратын жинаймыз», – деді Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Алмасхан АХМЕДЖАНОВ.


Новости партнеров