|
21.05.2020 | 21:17
1339

Әлемдегі мұнай бағасының төмендеуі саяси мәселе – сарапшы

Brent маркалы мұнай бағасы сәуір айынан бері алғаш рет 9,38 пайызға, яғни барреліне 35 долларға өсті

Әлемдегі мұнай бағасының төмендеуі саяси мәселе – сарапшы strategy2050.kz

Brent маркалы мұнай бағасы сәуір айынан бері алғаш рет 9,38 пайызға, яғни барреліне 35 долларға өсті. Сәйкесінше төл теңгеміз нығайып, валюта бағамы бір долларға 415 теңгені құрады.  Теңге өз құнын қанша уақыт ұстап тұруы мүмкін? Бұл туралы Almaty.tv эфирінде сарапшы Нұрлан Жазылбеков мырзаның пікірін білсек.

– Қайырлы кеш, Нұрлан Әбдіжапарұлы! Брент маркалы мұнай бағасы 9 сәуірден бері алғаш рет барреліне 35,55 доллар болды. Бұған короноавирустың қатысы бар деп айтуға бола ма, әлде ОПЕК елдерінің сәуір айындағы келісімі ықпал етті ме?

– Қайырлы кеш, Өмір. Енді мұнайдың бағасына төмендеуі  пандемия, коронавирустың салдары деп біржақты қарауға болмайды. Себебі бұл мәселе саяси жағынан бес-алты ай бұрын көтеріліп, дүниежүзінде мұнай жағынан лидер боламын деп отырған елдер арасында түсінбеушілік болды. Әрине, коронавирустың өте  аз пайыз рөлі болған шығар, себебі мұнай шикізат болғандықтан, бензиннің қажеті аз болып, дүниежүзіндегі елдердің бәрі үйінде отырды.  Соған сай бензиннің де қажеті аз болды. Бұл – Сауд Арабиясына бұл тиімді емес. Бұлай ұзақ шара қолдана алмайды. Себебі олардың да экономикасы мұнайдың арқасында тұр. Сондықтан бұл уақытша нәрсе.

–  Иә, өзіңіз айтқандай бір апта бұрын Сауд Арабиясы мұнай өндіруді тәулігіне миллион баррельге дейін қысқартатыны туралы ақпарат шықты. Сауд Арабиясы мұндай қадамға не себепті барып отыр деп ойлайсыз?

–  Сауд Арабиясы мен Кувейттің  ең үлкен орталық шекарасы  мұнайдың көп жатқан жері саналады. Осыған байланысты 2014-2015 жылдарында үлкен бір түсінбеушілік болып, бұл жерден шығатын мұнайды тоқтатқан. Сондықтан қазір ОПЕК-пен бірге келісіп, Кувейт пен Сауд Арабиясы  мұнайдың алатын жерін азайтып отыр. Сондықтан оған ОПЕК-тің қойған талабы бар. Сол Кувейт мемлекетімен бірге сол талапты орындап отыр. Сондықтан мұнай өндірісін 1-маусымнан бастап 10 миллион баррельге азайтады.

– Уақытыңызды бөліп, тұшымды ой білдіргеніңізге рахмет!


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир