Ақмола облысында ер адам тұрғындардың 90 млн теңгесін иемденіп кеткен

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ол алаяқтықтың 47 эпизоды бойынша ұсталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген «А» азаматын ұстады.

«2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қаласы мен Целиноград ауданы тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген», - делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды.

Күдікті мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қарастырылған.

Новости партнеров