Жалақы 25 пайызға қысқарды: қала статусын алған бұрынғы ауыл мұғалімдері шешіммен келіспейді

Алатау қаласының тұрғындары әлі жолсыз, жарықсыз отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жалақымыз 25 пайызға қысқарып қалды». «Мұндай сұмдықты қала мәртебесін алған соң көрдік» деп наразылық білдірген Алатау қаласының мұғалімдері шағымданды. Бұрынғы Жаңаарна ауылы әлі жолсыз, жарықсыз отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Даудың басы дүйім ел етек-жеңін жимай жатып «қалаға кірдіңдер» деген әңгімеден шыққан. Елдің айтуынша, билік басындағылар жаңа мәртебеге сай ұстаздардың жалақысын қысқартуға кіріскен. Биыл олар жылда бір мезгіл шаруашылыққа деп берілетін 15 мың теңгені де алмаған.

Осы уақытқа дейін ауыл болоғандықтан 25 пайыз ақша төленетін, соны алып тастап жатыр. Алатау қаласына көштік. Қалаға ұқсап тұрған түгі жоқ,  автобус жоқ. Ешқайда шыға алмаймыз, такси жалдаймыз, – №35 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Дариға Айманбетова. 

–Ауылдың жағдайы зерттелмеді, мүнда бес көше ғана бар. Мектепте 264 оқушы ғана оқиды, параллель сынып деген жоқ. Ауыл стаьусына сай 25 пайыз төлемді қалдырса дұрыс болар еді. Алатау қаласы өсіп, ауылға жағдай жасалса, қысқартсын, қарсы емеспіз, – деді №35 орта мектептің мұғалімі Құралай Майлыбаева.

Біздің ауылдың ғана емес, көршілес кішкентай ауылдар да осы мәселе бар.. 16 мектеп қосылды, ал Алатау қаласында 3-4 мектеп бар, – деді №35 орта мектептің мұғалімі Назгүл Мырзабаева.

Жаңаарна жұртшылығы қала болуға қауһарымыз жетпесе де, барымызбен жан бағып жүргенін айтты. Алатау қаласына қосылғалы 17 мектептің ұстаздары дәл осындай күй кешкен.

Бастығымыз жібермеді, сабақ басталып кеткен соғ шыға алмай қалдық. Оншақты мұғалімдер мектепте жүр, – деді №32 мектептің мұғалімі Жанар Қойшыбаева.

Оқу-ағарту минстрлігіне және Қаржы минстрлігіне жолдау хат жолданды. 25 пайыз төлемді қалдыруды дық. Ол қаралып жатыр, – деді Алатау қаласы білім бөлімінің басшысы Гүлжан Ерубаева.

Асығыстық болды деген ақжағалы өзі де асығып шығып кетті. Оның сөзінше, қыркүйектің қаржысы көп кешікпей түсуі керек. Бірақ алдағы айда ұстаздардың қанша еңбекақы алары белгісіз. Оны бөлім басшысы да нақты білмейді.

Әлібек Шынтемір, Әлішер Ерғалиұлы, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров