Жамбыл облысында КВИ-дан көз жұмған жағдай туралы
1959 жылы туған ер адам Павлодар облысының тұрғыны. Алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген ол 20 наурыз бен 18 сәуір аралығында Ресей, Беларусь, Польша, Чехия және Қырғыз Республикаларында болған.
Алгоритмге сәйкес мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде одан COVID-2019-ға алынған зертханалық талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.
Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде науқас дене қызуының жоғарлауына, қалтырау, әлсіздік пен құрғақ жөтелге қатысты шағымдарымен ауруханаға жатқызылған. Диагностика барысында, тыныс алу жеткіліксіздігі бар екі жақты полисегментарлы пневмонияның асқынуымен коронавирустық инфекция расталған.
Емдеу шаралары және науқасты бақылау Нұр-Сұлтан қаласындағы КВИ бойынша ахуалдық орталықтың мамандарымен онлайн режимде келісіліп отырды.
23 сәуірден бастап науқастың жағдайы қосымша ауруларға байланысты нашарлай түскен. Қосымша аурулары: жүрек зақымдалуымен гипертониялық ауру, созылмалы бронхит және 2 дәрежелі семіздік.
Қарқынды емдеу шараларына қарамастан, көптеген мүшелер қызметінің жеткіліксіздігі белгілері жоғарылады.
4 мамыр, сағат 01.20-да реанимациялық іс-шаралар нәтижесіз болып, жүрегі тоқтаған.
Қарағанды облысында КВИ-дан көз жұмған Теміртау қаласында тұрғыны да 1959 жылы дүниеге келген.