|
11.05.2022 | 08:49
4316

Билл Гейтс коронавирус жұқтырды

Ол COVID-19 анықталғанын және симптомдары туралы Тwitter парақшасында жазды

Билл Гейтс коронавирус жұқтырды Фото: ©REUTERS

Microsoft компаниясының негізін қалаған миллиардер Билл Гейтс коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Билл Гейтс сынақта COVID-19 анықталғанын және симптомдары туралы Тwitter парақшасында жазды.

"Симптомдар жеңіл, оқшауланып, сауығып кеткенше сарапшылардың пікіріне құлақ асамын", - делінген жазбасында.

Сондай-ақ Гейтс толықтай екпе алғанын, тестілеуге рұқсаты барын және тамаша медициналық қызмет алып жатқанын хабарлады.

Миллиардер өзі құрған Gates Foundation қоры әлемді жаңа пандемиялардың қаупінен сақтау үшін серіктестерімен бірге жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Мұның алдында Билл Гейтс коронавирустың ең "жаман" штамы пайда болуы мүмкін екенін ескерткен. Ол келесі пандемияның алдын алу туралы кітабын да шығарған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир