Ресейде коронавирустан тағы бес адам көз жұмды

sevastopol-news.com
sevastopol-news.com
Егде жастағы пациенттердің барлығының созылмалы аурулары болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәскеуде жаңа коронавирус індеті диагнозы қойылған тағы бес адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мәскеуде пневмония және коронавирус инфекциясы диагнозы расталған бес пациент көз жұмды. Егде жастағы пациенттердің барлығының созылмалы аурулары болған», - деп хабарлады Мәскеуде коронавируспен байланысты жағдайды бақылау және мониторингілеу жөніндегі жедел штаб өкілдері.

«Штаб өкілдері қайтыс болған пациенттердің жасы 61-74 аралығында болғанын хабарлады. Олардың төртеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұрынғы аурулар арасында кардиосклероз, гипертониялық ауру, өкпенің созылмалы өткір дерті болған. Үш науқас қант диабетімен ауырды. Пациенттердің бірінде онкологиялық ауру болды», - деп нақтыланады хабарламада. Жедел штаб Мәскеудің барлық тұрғындарына өзін өзі оқшаулау режимін ұстану қажеттілігі туралы тағы еске салды.

Новости партнеров