Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1,5 миллионнан асты

открытые источники
открытые источники
Дүние жүзі бойынша ең көп пациент Америка Құрама Штаттарында тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта дүние жүзінде коронавирус жұқтырған адам саны 1,5 миллионнан асқан деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Көрнекі  Коронавирустың таралуы туралы мәліметтер университеттің ресми сайтында шығып отырады. Вирус таралғалы бері Жер бетінде 1,5 миллионнан аса адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Дүние жүзі бойынша ең көп пациент Америка Құрама Штаттарында тіркелген.

Онда 425 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталған. Бір ғана Нью-Йорк қаласының өзінде COVID-19-дан 4,5 аса науқас көз жұмған. Қауіпті індетті жұқтырғандардың саны бойынша екінші орында Испания тұр. Онда COVID-19 инфекциясы табылғандар саны 148,2 мыңға жеткен. Оның 14,8 мыңы қайтыс болған. Ал адам шығыны бойынша әлемде Италияда көш бастап тұр. Аталған мемлекетте вирустан 17,669 адам көз жұмған.

Сонымен қатар, онда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 88 мыңға жеткен.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус табылғандар саны 727 адамға жетті. Оның 54-і сауығып шықса, 7 адам қайтыс болды. Өлім жағдайлары Ақмола, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркелді.

Новости партнеров