|
16.04.2020 | 15:14
2400

АҚШ-та бір тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды

Қазіргі таңда әлем бойынша АҚШ вирус жұқтырғандар санынан да, көз жұманғандар бойынша да бірінші орында тұр

АҚШ-та бір тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды Ашық дереккөз

АҚШ бір тәулікте коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны бойынша антирекорд орнатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

REUTERS агенттігінің хабарлауынша, елде бір тәулікте 2 мың 364 адам инфекциядан көз жұмған. Ал, жалпы коронавирус таралауы басталғалы 30 мыңнан астам америка азаматы COVID-19-дың құрбаны болыпты. Қазіргі таңда әлем көрсеткіші бойынша АҚШ вирус жұқтырғандар санынан да, көз жұманғандар бойынша да бірінші орында тұр. Ал, COVID-19 жұқтырған алғашқы науқас Ухандағы зертханада жұмыс істегені анықталды. Бұл туралы америкалық Fox News телеарнасы хабарлайды. Арна мәліметінше, вирус жұқтырған науқас өзінің ауырғанын білмей қалада бірнеше күн жүрген. Сәйкесінше, айналасындағы адамдарға жұқтырып, қаладағы науқас саны осыдан күрт өскен деген пайым бар. Еске сала кетейік, қауіпті індетті әлем бойынша 2 миллионнан астам адам жұқтырған. Ал жазылып шыққандар жарты миллионнан асты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир