Гейтс коронавируспен күрес үшін 650 миллион доллар бөлді
Microsoft негізін қалаушы, мультимиллиардер және филантроп Билл Гейтс COVID-19 пандемиясы қашан аяқталады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
«Жақсы болжам айтсақ, 2022 жылға қарай пандемия аяқталуы мүмкін. Бірақ бұл проблеманы әлемдік масштабта алып қарасақ, 2021 жылы біз ауру жұқтырғандар санын азайтуымыз керек», – деді Гейтс Fox News басылымына сұхбатында.
Еске салайық, Гейтс коронавируспен күрес үшін 650 миллион доллар бөлді. Бұл - дүние жүзі бойынша мұндай мақсатқа қаржы бөлген ірі қайырымдылық.