Маңғыстау облысының бірнеше елді мекені карантинге жабылды

Barangulov Alimzhan
Barangulov Alimzhan
Жаяу жүргіншілер мен көліктердің кіріп-шығуы шектеледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысының бірнеше елді мекенінде блокпостар қойылып, карантин күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 25 маусым сағат 00.00-ден бастап 2020 жылдың 13 шілдесі сағат 07.00-ге дейін Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданында (Рахат, Теңге, Қызылсай ауылдарымен, Сенек, Бостан, Құланды, Болашақ ауылдарын қоса алғанда) карантин режимі және бірқатар шектеу шаралары енгізіледі.

Қоғамдық коммуникация орталығынан мәлім еткендей, Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы және Ақтау қаласының арасында автожолға блокпостар қойылады.

Аталмыш елді мекендер қоршалып, жаяу жүргіншілер мен көліктердің кіріп-шығуы шектеледі.

Жасы 63-тен асқан тұрғындар ерекше қажеттілік болмаса, үйден шықпауы тиіс.

Сондай-ақ кейбір кәсіпкерлік нысандарының да уақыты шектелді. Мәселен, базарлар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және келушілердің арақашықтығын сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. Ал, азық-түлік дүкендері дәл осындай сақтық шараларын қолдана отырып, 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Новости партнеров