2 сәуірден бастап Теміртау қаласы жабылады. Коронавирус жұқтырған науқастың өлімінен соң қала билігі осындай шешім қабылдады. Ол адам Теміртау қаласында жұмыс істеген болатын, деп хабарлайды Sputnik.
Қаланың кіреберісінде үш блок бекет қойылды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанатай Сембеков.
"Үш бекет белгіленді. Олар қалаға кіреберісте Кольцо Металлургов, 4а кварталында - Чкаов елді мекені және Ақтау елді мекеніне кіреберісте (лесхоз) болады", - деді ол.
Қалаға тек медициналық, санитардық, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, құтқарушылар, коммуналды және апаттық қызмет, жүк тасымалы, инкассаторлар ғана қана кіре алады. Мұндай жағдайда жеке куәлік, қызметтік құжат және жұмыс орнынан алынған анықтама көрсету керек.
Кеше, 1 сәуір күні Қарағанды облысында 62 жастағы ер адамның қайтыс болғаны хабарланды. Оның коронавирусқа шалдыққаны қайтыс болғаннан кейін анықталған. Ер адам Теміртауда нотариус болып жұмыс істеген.
Науқас бірден реанимациялық боксқа жатқызылған. Алайда интенсивті терапияға қарамастан, жағдайы нашарлай берген.
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 402 адамға жетті