Ресейде адам таңғаларлық оқиға орын алды. Ел астанасы Мәскеу қаласында дүние есігін ашқан нәрестеден коронавирус инфекциясы анықталған деп жазады kaz.nur.kz.
Cәби Ресей астанасындағы коронавирус дертіне шалдыққандарды емдейтін ауруханада өмірге келген. Айта кетейік, нәрестенің анасынан жақында індеттің белгілері табылған болатын. Қазіргі уақытта ана мен бала медициналық мекемеде тиісті ем-шараларын қабылдауда.
Басылым соңғы күндері Ресейде вирус жұқтырғандардың саны артқанын атап өткен. Елдің вице-премьері Татьяна Голикова бұны қауіпті инфекцияны анықтауға арналған сынақтарды көбірек жүргізгендерімен түсіндірді. Голикованың айтуынша, қазіргі уақытта Ресей Федерациясы COVID-19 індетіне талдау алу бойынша әлемде үшінші орында. Бүгінде Ресейде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 2700-ге жеткен. Оның 27-сі көз жұмды. Ал 190-нан астам адам коронавирус инфекциясынан айығып, ауруханадан шыққан.