Коронавирустық пневмония: Елімізде өткен тәулікте 17 адамнан анықталды

14.12.2020 14:22

2020 жылғы 14 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 51 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 43952, 464 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31519 жетті.