|
22.10.2020 | 09:26
2898

Бразилияда COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды

Вакцинаны AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті әзірлеген

Бразилияда COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды  citysakh.ru

Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцинаны тексеруден өткізуге қатысқан ерікті қайтыс болды. Ал вакцинаны AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті әзірлеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сәйкес, өлімнің себебі "этика және құпия сақталуына байланысты" жарияланбайды. Сондай-ақ еріктінің плацебо (препарат түрінде дайындалған, бірақ емдік қасиеттері жоқ зат) немесе препараттың өзін қабылдағаны туралы да айтылмайды.

«AstraZeneca компаниясы бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартып, осы оқиғамен байланысты ресми позиция жоқ»,– деп мәлімдеді.

Бразилиялық БАҚ "халықаралық зерттеумен таныс" дереккөзге сілтеме жасай отырып, азаматтың Covid-19 асқынуларынан қайтыс болғанын хабарлады. Сонымен қатар сынақ кезінде вакцина емес, плацебо қабылдағанын жазды.

Қайтыс болған еріктітің Рио-де-Жанейродағы жеке клиникада коронавируспен ауыратын науқастармен реанимация бөлімінде жұмыс істеген 28 жастағы дәрігер екені белгілі, деп хабарлады RT.

Оксфордта вакцинаның қауіпсіз екенін айтылып, оны сынақтан өткізу жалғасып жатыр.

Қыркүйектің басында AstraZeneca вакцинасын сынау Жапониядағы еріктілердің бірінде болған асқынуларға байланысты тоқтатылды.

Сонымен қатар Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі мұндай шаралар жазда да қабылданғанын, содан кейін "бәрі еш қиындықсыз шешілгенін" мәлімдеді.

Үш күннен кейін тестілеу қайта басталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы AstraZeneca компаниясына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны сынауды тоқтата тұру жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізген кезде препаратты әзірлеудегі басты құндылық қауіпсіздік екенін айтты.

Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының жетекші маманы Федор Лисицын сынақтарды тоқтата тұруды дұрыс шешім деп атады. Себебі еріктінің жағдайы асқынып кеткен еді.

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының мәлімдеуінше, сынақты тоқтата тұру кей елдің қате әрекет еткенін көрсетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир