|
13.06.2022 | 09:30
2153

Бейжіңде коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр

Бейсенбіден бері қалалық түнгі барға байланысты 115 COVID-19 оқиғасы тіркелген

Бейжіңде коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр ©REUTERS

ҚХР үкіметі ұзақ уақыттан кейін алғаш рет коронавирустың жаңа жағдайын тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті билік өкілі Сюй Хэцзянь баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оный айтуынша, Бейжіңдегі түнгі барлардың бірінде анықталған кластерлік індет тез таралу сатысында, ал Қытай мегаполисінде індеттің екінші рет өршу қаупі жоғары болып отыр. Бейсенбіден бері қалалық түнгі барға байланысты 115 COVID-19 оқиғасы тіркелген.

3.5 миллион халық тұратын қаланың ең көп шоғырланған Чаоян аймағындағы түнгі барда коронавирус жұқтыру жағдайлары көптеп анықталатыны күтіліп отыр.

"Чаоян ауданындағы барда пайда болған коронавирустың бұл түрін Синфади базарынан шыққан бұған дейінгіге қарағанда бақылау және алдын алу қиын", - деді Хэцзян.

COVID-19 індетіне байланысты Бейжің билігі 13 маусымнан бастап мектептерде сабақты оффлайн режимге ауыстыруды шешті. Жаңа ережеге сәйкес, қала мектептеріндегі бастауыш және орта мектеп оқушылары қашықтан білім алуды жалғастырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир