Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты өкілі Қазақстандағы коронавирустан вакцина әзірлеу жоспары туралы айтып берді. Оқу-білім беру орталығының директоры Хайрулла Абеуовтің ойынша, оны дайындауға бір жыл керек, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Коронавирустан отандық вакцинаны алдымен жануарларға, ал кейін адамдарға сынау жоспарланған. Зерттеуге қатысу қосымша қаражат қарастырылған жағдайда төленуі мүмкін.
"Денсаулық сақтау министрлігі еріктілерге сынақ жүргізеді. Ол үшін коронавируспен ауырмаған сау адамдар қажет болады. Вакцина әзірлеу бірнеше кезеңнен тұрады. Біріншіден: кандидаттық штамм алу, дайындау технологиясын әзірлеу, қауіпсіздікті сынау, клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар. Клиникаға дейінгі - коронавирусқа сезімтал зертханалық жануарларда өткізіледі, I, II, III және IV кезеңдер еріктілерге өткізіледі," - деді биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ жанындағы оқу-білім беру орталығының директоры Хайрулла Абеуов.
Ғалымның айтуынша, препаратты әзірлеу үшін бір жыл қажет. Себебі биологиялық процеске байланысты зерттеуді жеделдетуге болмайды. Зерттеуге қажетті толық сома әлі айтылмады. Алайда оған көп ақша кететінін болжауға болады. Мысалы, Еуропа елдерінде тек вакцина дайындауға 90-нан 400 миллион еуроға дейін бөліп жатыр, ал клиникалық сынақтар жеке қаржыландыруды талап етеді.
"Білім және ғылым министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп отандық вакцинаны әзірлеуге қаржы бөлу мәселесін белсенді пысықтап жатыр. Вакцинаның құны туралы қазір алдын ала ойлану керек, себебі оны дайындау қазіргі басты міндет", - дейді ол.
Еске салайық, Қазақстанда вакцина әзірлеу қолға алынды. Онымен екі институт - Жамбыл облысындағы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты және Нұр-Сұлтандағы Ұлттық биотехнология орталығы айналысады.
Ал Қытайда вакцинаны клиникалық сынақтан өткізіп жатыр - олар осы жылдың желтоқсан айының соңында аяқталады. Ал наурызда Ресейде препарат жануарларға сынала басталды. АҚШ-та тәжірибеге 20 мың адам тартылды.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Алматы қаласында тiркелді